Жаңалықтар

Енді картаңызды басқа адамға берсеңіз, 7 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Қылмыстық кодексіне дропперлікке қатысты жаңа 232-1-бап қосылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Дропперлік деп – банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ материалдық сыйақы үшін банк картасын үшінші тұлғаларға тапсыру арқылы заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жасау әрекеті танылады.

Бұл қылмыс интернет-алаяқтардың ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудағы негізгі тәсілдерінің бірі саналады.

Жаңа бапқа сәйкес, құқық бұзушылықтың сипаты мен келтірілген залалға қарай жаза айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілеумен бірге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылады.

Бұл шара кибералаяқтықпен жүйелі түрде күресуге, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қорғауға және цифрлық ортадағы қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған.