Жаңалықтар

Алакөлде төтенше жағдай жарияланды

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінің демалыс аймағында жағалауды су шаю қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды arainfo.kz

Жергілікті атқарушы органның шешімі 10 қыркүйектен бастап күшіне енді және ол Қазақстан Республикасының эталонды құқықтық актілер банкінде ресми түрде жарияланды.

Аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаеваның айтуынша, барлық төтенше қызметтер дайындық режиміне көшірілген. Негізгі міндет – қираудың алдын алу және туристік аймақты сақтау.

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты:

  • демалыс үйлерінің маңындағы жағалау шайылуы мүмкін;
  • туризм нысандарына материалдық шығын келуі ықтимал;
  • инфрақұрылым объектілеріне қауіп төніп тұр.