Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, бұл мерекенің ұлтты мейірім мен қамқорлыққа, өзара қолдауға және азаматтық жауапкершілікке біріктіретінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Әрбір адамның тұлға болып қалыптасуы ең алдымен шаңырақта басталады. Жақсы тәрбие алған ұрпақ елге еңбекқор, білімді және мәдениетті азамат болып өседі.

Тоқаев отбасылық құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың, ата-аналарды ардақтаудың маңызын ерекше атап өтті. Ол аналардың қоғамдағы рөлі мен әкелердің еңбегін қадірлеуге шақырды.

Президенттің сөзінше, отбасы институтын нығайту, ана мен бала құқығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. 

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға амандық, денсаулық және табыс тіледі.