Түлектер 50 жылдан кейін сағынысып көрісті
Кеңес одағының кезінде әр аудан, ауылда өзге ұлт өкілдері көп тұратын. Еліміз тәуелсіздігін алған соң олардың көпшілігі тарихи Отандарына көшіп кетті.
Жақында Жамбыл ауданындағы Аса орта мектебін 1975 жылы бітірген түлектер бас қосты. Мектеп бітіргендеріне 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға алыс-жақын шетелдерден де қонақтар келді. Атап айтқанда, кәріс ұлтының өкілі Леонид Кан, орыс ұлтының өкілі Кариталина Баженова, неміс ұлтынан Эльвира Шнайдер, Наталья Руф, Нина Дейч бар. Оларды бастап келген – Жанат Жанұзақов пен Нұржау Жігітеков.
50 жылдан соң кездескен сыныптастар Аса орта мектебіне барып, сый-сияпат жасады. Жергілікті жұрттың құрметіне бөленіп, сағыныштарын басты.
Алтынбек ҚАРТАБАЙ,
фотожурналист