Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды
Қазақстан мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылып, жаңа ас мәзірі енгізілді, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады. Сонымен бірге оқушылардың тамақтануына жаңа стандарт енгізілді. Енді ас мәзірін ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретіне өтті.
Қазіргі таңда 150 мектепте тіс ауруларының алдын алу кабинеттері жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін олардың саны 240-қа жетеді, ал 2028 жылға дейін 1000 кабинет ашу жоспарланған. Мұнда оқушыларға профилактикалық стоматологиялық көмек көрсетіліп, ауыз қуысы аурулары ерте диагностикаланады.
1 қыркүйектен бастап енгізілген жаңа тамақтану стандартында тұз бен қант мөлшеріне шектеу қойылды. Министрліктің мәліметінше, балалардың рационында енді пайдалы әрі жаңа дайындалған тағамдар басым болады.
Айта кетейік, 1–4 сыныптың 1,8 миллионнан астам оқушысы және әлеуметтік осал топтағы 5–11 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған.