Бүгін – әскери-техникалық саясат мамандарының күні
10 қыркүйек Қазақстанда Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық саясат саласы мамандарының күні ретінде аталып өтеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл бөлімше 2009 жылы құрылып, Қарулы күштерді заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруға, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыруға, отандық қорғаныс өнеркәсібін дамытуға және әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге жауапты.
Әскери қызметшілер заңнамалық жұмыстарға қатысып, жаңа қару-жарақ үлгілерін сатып алу мен сынақтан өткізуге, халықаралық көрмелерге қатысуға атсалысады.
Соңғы жылдары армия заманауи бронетехникамен, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен, дрондармен, әскери-көліктік ұшақтармен және жаңа байланыс кешендерімен толықты. Бұл шешімдер басқару жүйесінің сенімділігін арттырып, әскердің жауынгерлік қабілетін күшейтті.
Бүгінде Қазақстан Қарулы күштерін техникалық тұрғыда дамытуға үлес қосып жүрген әскери-техникалық саясат мамандарының еңбегі ерекше аталып өтуде.