Жаңалықтар

Елімізде жетім балаларды интернат ұйымдарына орналастыру тәртібі өзгерді

2025 жылдан бастап Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернат ұйымдарына жолдау тәртібі өзгерді, деп хабарлайды arainfo.kz

Енді бала анықталған сәттен бастап қорғаншылық және қамқоршылық органдары оларды алдымен үш тәулікке дейін толық тексеруден өткізу үшін медициналық ұйымдарға уақытша орналастыруға міндетті.

Депутаттардың бастамасы ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету туралы заң аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен қабылданды.

Еске сала кетейік, бүгінде республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 111 ұйым бар. Онда 3,6 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ, 17 мыңнан астам жетім бала отбасылардың қамқорлығында өсіп жатыр.