Жолдау студенттер арасында түснідірілді
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында халықтың игілігіне негізделген істерге бастама болар бағыттар айтылды. Тапсырмалардың жүзеге асуы маңызды. Жолдаудың мән-маңызын халық ішінде түсіндіре тарату мақсатында жиындар да өткізіліп жатыр. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ұйымдастырылған «Әділетті Қазақстанның жаңа бағыты: Президент Жолдауы және қоғамдық даму» атты ашық конференцияда студенттер де өз ойларын ортаға салды.
Университеттің Тәуелсіздік залында өткен конференцияда Тараз қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Бердалиев жастардың қоғамдық белсенділігін арттырудың маңызына тоқталып, сөз сөйледі.
Жиынның қорытындысында қатысушылар Президент Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда жастардың белсенділігі, жаңа бастамаларды қолдауы мен жаңашыл идеялары елдің жарқын болашағы үшін шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
Қамар ҚАРАСАЕВА