Онлайн форматтың оңтайлы тұсы көп
Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мунның қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Жиында цифрлық трансформацияның нәтижелері мен мемлекеттік қызметтерді одан әрі оңтайландыру жоспарлары таныстырылды.
2021-2025 жылдар аралығында министрлік 31 мемлекеттік органның 1 549 бизнес‑процесін реинжиниргтен өткізіп, үдерістерді оңтайландырды, сондай-ақ автоматтандыру деңгейін арттырып, қағаз құжат айналымын қысқартты.
Вице-министр сондай-ақ 2024 жылғы желтоқсаннан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында тұрмыстық газға ваучерлер беру бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын, ал биылғы шілде айынан бастап бұл жүйе еліміздің газ тартылған 14 өңірінің барлығына кеңейтілгенін хабарлады.
ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталығы) жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда. Министрлік халық өтініштерінің шамамен 79 пайызын құрайтын ең көп сұранысқа ие 10 мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшіріп жатыр. Олардың қатарында – жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін ауыстыру, көлік пен жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтері де бар. Бұл ХҚКО-на жүктемені екі есе азайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Дмитрий Мун Smart Data Ukimet жобасының жетістіктері туралы атап өтті. Қазіргі таңда 45 мемлекеттік қызмет проактивті форматқа ауыстырылып, азаматтарға 4,3 миллионнан астам проактивті қызмет көрсетілген.
Вице‑министр келесі кезекте жаңа цифрлық шешімдер жайлы баяндады.
Министрлік мемлекеттік қызметтерді барынша қарапайым, қолжетімді және проактивті ету жолында бірқатар жұмыстарды жалғастыруда.
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі