Жаңалықтар

Бірнеше күннен соң жаңа iPhone 17 сатылымға шығады

Калифорниядағы Apple Park-та өткен дәстүрлі күзгі презентацияда компания жаңа iPhone 17 желісін, Apple Watch-тың жетілдірілген үлгісін және AirPods Pro 3 құлаққабын ұсынды, деп хабарлайды arainfo.kz

Жаңа iPhone 17 желісіне төрт модель кірді: iPhone 17, iPhone 17 Air, iPhone 17 Pro және iPhone 17 Pro Max. Ең жұқа корпусқа ие iPhone 17 Air-дің қалыңдығы бар-жоғы 5,6 мм. Барлық модельдерде кемінде 256 ГБ жад бар. Телефондар алюминий мен титаннан жасалған, модельге байланысты A19 немесе A19 Pro процессорымен жабдықталған.

iPhone 17 – 6,3 дюйм дисплей, A19 чип, батареясы бір зарядпен 8 сағатқа дейін жұмыс істейді. Бағасы – $799.

iPhone 17 Air – 6,5 дюйм дисплей, A19 Pro процессоры, ең берік және жұқа корпус, тек eSIM қолдайды. Бағасы – $999.

iPhone 17 Pro – 6,3 дюйм дисплей, жаңа дизайндағы камера блогы, бағасы $1099.

iPhone 17 Pro Max – 6,9 дюйм дисплей, бағасы $1199.

Жаңа үлгілердің түстері де әртүрлі: iPhone 17 – лаванда, көк тұман, қара, ақ және шалфей; Air – қара, ақ, аспан көк және алтын; Pro және Pro Max – күміс, қызғылт сары, қою көк.

Сондай-ақ, смартфондарға шыныдан жасалған сымсыз зарядтау алаңы мен булану камерасына негізделген жаңа салқындату жүйесі қосылды. Бұл жүйе ойындарда және ұзақ жүктемелерде қуатты 40%-ға арттырады.

AirPods Pro 3 басты жаңалығы автоматты аударма функциясы. Екі адам әртүрлі тілде сөйлесе, құлаққап бірден аудармашыға айналады. Жаңа өнімдер 19 қыркүйектен сатылымға шығады.