Есірткі дүкенін құрды деп күдікке ілінгендер шетелде ұсталды
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды arainfo.kz
Олар есірткі мен психотроптық заттарды сату, тұтынуға итермелеу, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болу және лауазымды тұлғаға пара беру фактілері бойынша күдікке ілінген.
2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі саудасын ұйымдастырғаны белгілі болды. Сондай-ақ олар курьерлер тарту, заңсыз әрекеттерді үйлестіру және қаржыландырумен айналысқан.
Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.