Полиция электросамокаттарға бақылауды күшейтті
Тәулік ішінде самокат жүргізушілерінің 800-ден астам, ал жыл басынан бері 16 мыңнан астам құқық бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz
Алматыда полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында, соның ішінде электросамокаттарға қатысты кең ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізді.
Тәулік ішінде самокат жүргізушілерінің 800-ден астам, ал жыл басынан бері 16 мыңнан астам құқық бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде:
- жол қозғалысына қойылатын талаптарды сақтамау – 489 дерек,
- жаяу жүргіншілер мен өзге қатысушылардың ережені бұзуы – 237 дерек,
- ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі – 11 дерек,
- көшені абаттандыру ережелерін бұзу – 47 дерек,
- қоғамдық орындарды ластау – 23 дерек.
Сонымен қатар тротуар мен жолдарда самокаттарды бейберекет қалдыру фактілері анықталды. Бұл қозғалысқа кедергі келтіргендіктен, 259 самокат арнайы тұраққа қойылды.
Электросамокаттардың шоғырланған орындарында тәртіпті күшейту үшін оператор-компаниялар берген самокаттармен 50 полиция бағыты ұйымдастырылды.