Президент: «Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс»
Мемлекет басшысы салық жүйесін түбегейлі жаңғырту қажеттігін айтты, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысының сөзінше, цифрландыру ісінде ілгерілеу болғанымен, бюрократиялық рәсімдер әлі де бизнеске кедергі келтіруде.
Президент жаңа Салық кодексі тек нормаларды өзгертумен шектелмей, ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа түсінікті қалыптастыруы тиіс екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитеті жасанды интеллект пен озық технологияларды тиімді пайдалана отырып, бизнеске қолайлы жағдай жасауы керек. Сондай-ақ даму институттарының жұмысын жетілдіріп, нақты салаларға бағытталған толыққанды қолдау орталықтарына айналдыру міндеті қойылды.