Конор Макгрегор Ирландия президенті болуға ниетті
Конор Макгрегор президенттікке үміткер екенін мәлімдеп, ирландиялықтарды қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды arainfo.kz
Әйгілі ирландиялық спортшы Конор Макгрегор алдағы президенттік сайлауға қатысатынын ресми түрде жариялады. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, Ирландиядағы президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасында өтеді. Ал, қазіргі мемлекет басшысы Майкл Хиггинс 2011 жылдан бері бұл қызметті атқарып келеді.