Брифинг

Шу вокзалы жаңартылуда

Биыл Шу қаласының бюджеті 1 миллиард 271 миллион 916 мың теңгені құраған. Оның ішінде өзіндік кіріс көлемі – 972 миллион 182 мың теңге, ал аудандық бюджеттен 299 миллион 734 мың теңге бөлінген. Алдағы уақытта бюджетті нақтылау барысында қосымша қаржы қарастыру жоспарланып отыр екен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында Шу қаласының әкімі Елдос Нұралиев айтып берді.