Жаңалықтар

"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны: полиция билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырады

Алматыда өтетін халықаралық футбол матчы қарсаңында полиция тұрғындар мен қонақтарды билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырды, деп хабарлайды arainfo.kz

Құқық қорғаушылардың айтуынша, ірі спорттық және мәдени шаралар алдында интернет арқылы жалған билеттер сататын алаяқтар көбейеді. Осыған байланысты Алматы қалалық полициясы ең кең таралған алаяқтық схемаларды түсіндіретін бейнеролик әзірледі.

Полиция билеттерді тек ресми кассалардан немесе лицензиясы бар таратушылардан алуды ұсынады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін күмәнді ұсыныстардан сақтану қажет.

Күмәнді жағдай анықталған кезде полиция азаматтарға дереу «102» нөміріне хабарласуды еске салады.