Жаңалықтар

№59 мекемесінде Конституция күніне арналған спорттық іс-шара өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде Конституция күніне орай сотталғандар арасында спорттық іс-шара өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде сотталғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың дене тәрбиесімен айналысуға қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ оларды оңалту процесінің бір бөлігі ретінде мәдени-спорттық іс-шараларға тарту болды.

Жарыс бағдарламасына шахмат, үстел теннисі, қол күресі, арқан тарту және футбол сынды спорт түрлері енгізілді. Сотталғандар белсенді қатысып, өзара сыйластық пен спорттық бәсекелестік рухын танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мекеме әкімшілігі тарапынан мадақтамалармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Мекеме басшылығының айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді.