Жаңалықтар

Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы ашылды

Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды arainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды. Мемлекет басшысы орталықтың пайдалануға берілуін қос халықтың рухани өміріндегі өте маңызды күн деп бағалады.

Президент былтырдан бері Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы жұмыс істей бастағанын жеткізді. Ал Қытайға жасаған осы сапары аясында елімізде Лу Бань зертханасының екінші және үшінші орталықтары ашылды.