2026 жылдан бастап Қазақстанда ескі көліктерге салық азаяды
Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды, деп хабарлайды arainfo.kz
Ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңа құжаттағы маңызды өзгерістердің бірі – 10 жылдан асқан автокөліктер үшін салық жеңілдіктерінің енгізілуі.
Негізгі өзгерістер:
Жасы 10 жылдан асқан көліктерге – салық 30% төмендетіледі (коэффициент 0,7).
20 жылдан асқан көліктерге – салық 50% қысқарады (коэффициент 0,5).
2013 жылдан кейін шығарылған, қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көліктерге қойылған қосымша салықтар алынып тасталады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгеріс шамамен 4 миллион көлік иесін қамтиды. Енді көлік неғұрлым ескі болса, төленетін салық соғұрлым азаяды.
Сонымен қатар жаңа кодексте тағы бірқатар жаңалық бар: ҚҚС мөлшері 16%-ға дейін өседі, ал табысқа прогрессивті салық жүйесі енгізіледі.