Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: ШЫҰ жасанды интеллект дамытудың көшбасшысы бола алады

Қытай Халық Республикасы, Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды arainfo.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологиялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне назар аударды. Оның айтуынша, бұл істі кейінге қалдыруға болмайды. 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, осы сектордың әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін ұлғаяды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттағы нақты қадам ретінде ШЫҰ-ның жасанды интеллект бойынша тұрақты сарапшылар форумын өткізуді ұсынды.