«ТрансАлтай диалогы» елдер арасындағы саяси сенімді арттырады
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, қоғам қайраткері Еркінбек Солтыбаев Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің кезекті басқосуында көтерілген «ТрансАлтай диалогына» қатысты пікір білдірді.
«ТрансАлтай диалогы» – тек экономикалық емес, саяси және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия секілді көршілес елдердің бірлесуі Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен өзара сенімнің нығаюына ықпал етеді.
Ақылман ақсақал аталған жоба арқылы Оралхан Бөкей шығармаында кеңінен суреттелетін өр Алтайдың әлеуеті де арта түсетінін тілге тиек етті.
«Бұл бастама аймақтағы шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біріккен жобалар арқылы төрт елдің де экономикалық әлеуеті бірігіп, Еуразиядағы «үлкен Алтайдың» беделі арта түседі. Жаһандық деңгейдегі бәсекелестікке төтеп беру үшін осындай серіктестік аса қажет. Президенттің ұсынысын қолдай отырып, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыратын қадам деп білеміз», – дейдіі пікір иесі.