Жаңалықтар

«ТрансАлтай диалогы» – Қазақстанның жаңа экономикалық мүмкіндіктеріне жол ашатын бастама

«ТрансАлтай диалогы» бастамасы бойынша «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры, Қоғамдық кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев пікір білдірді.

«ТрансАлтай диалогы» бастамасы Қазақстан үшін экономикалық тұрғыдан аса маңызды жоба болмақ. Бүгінгі таңда еліміз транзиттік мүмкіндікті барынша тиімді пайдаланып отыр. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясында Қазақстан арқылы өтетін жүктер көлемі жыл сайын артып келеді. Ал жаңа «ТрансАлтай диалогының» жүзеге асуы осы үрдісті жаңа деңгейге шығарады.

Қоғам белсендісі осынау халықаралық келісім елдің экономикалық әл-ауқатының артуына мол септігін тиегізеді деп есептейді.