ӘДІЛЕТТІЛІК ӘСКЕРДЕН БАСТАЛУЫ КЕРЕК
ӘДІЛЕТТІЛІК ӘСКЕРДЕН БАСТАЛУЫ КЕРЕК
Жиында алдымен сөз алған Қасымхан Естемесұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы алдағы жоспарлардың, ауқымды міндеттердің легін айқындап, нақтылап бергенін атап өтті. – Президент Жолдауының тарихи мән-маңызы зор. Өздеріңіз білесіздер, жылдың басында «Қаңтар» оқиғасынан кейін көп мәселелердің беті ашылып, әділеттілік орнап жатыр. Біз қашан да Ата Заңымызды, басқа да заңдарды берік ұстануға міндеттіміз. Ұлт қауіпсіздігін сақтауда, елімізді қорғауда, халқымыздың тыныштығын қамтамасыз етуде сіздердің еңбектеріңіз айрықша. Президент Жолдауда басты мақсат нәтижеге жұмыс істеу қажеттігін алға тартты. Осы мақсат әрбір әскери қызметке қатысы бар адамның Отанды қорғаудағы бағдарына айналуы қажет, – деген Қасымхан Төлендиев соңғы уақытта әскерде болып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу, жастарды Отан қорғауға шақыру жайлы ойларын ортаға салды. Мұнан соң сөз алған ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Әлімжан Ерниязов Жолдау бағыттарын кеңінен айтып өтті. Мінберге шыққан әрбір спикер Жолдаудың әр бөліміне жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңы «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ бұл күні облыстық әділет департаментінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов мекеме ұжымымен кездесу өткізді. Басқосуда маңызды құжаттан туындайтын міндеттер жан-жақты талқыланды.
Айжан ӨЗБЕКОВА