Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі.