Үкімет Президент тапсырмаларын орындау аясында 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
Үкімет Президент тапсырмаларын орындау аясында 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды arainfo.kz
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен дамудың басты бағыттары негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталғанын атап өтті. Бұл – агломерациялар, моноқалалар, тіреу ауылдар және жаңа Алатау қаласы. Құжатта әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерді азайтуға ерекше көңіл бөлінеді.