Жаңалықтар

Жолдау 2024: Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қалаларда қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын экобокстар мен фандоматтар қарқынды түрде енгізілуде. Оған пластик пен алюминий тапсырған азаматтар бонустармен көтермеленеді. Қазірдің өзінде жекеменшік бизнес иелері Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.