Жаңалықтар

Жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық: Санитариялық дәрігердің қаулысы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2025–2026 жылдардағы жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қаулы 2025–2026 жылдардағы ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді көздейді, оның ішінде:

  • ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
  • медициналық ұйымдарда кіре берісте «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
  • ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйде шақыруға бірінші кезекте қызмет көрсету;
  • мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;

орта білім беру ұйымдарында:

  • бір сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы бір инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, жалпы білім беретін ұйымдарда кабинеттік оқыту жүйесі жойылады және күнтізбелік 10 күн ішінде жаңа балаларды сыныптарға қабылдауға тыйым салынады;
  • бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың жалпы санының 30%-ы және одан көбі ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, оқушыларды онлайн оқытуға көшіру жүзеге асырылады.

Осы қаулының толық мәтінімен Комитеттің сайтында танысуға болады.