Жаңалықтар

Әскерге шақыру SMS арқылы ресми түрде хабарланатын болады

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізуде бірыңғай тәсіл енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды arainfo.kz

Жобаға сәйкес, әскери қызметке шақыру тәртібі нақтыланып, кейінге қалдыру мәселесі мемлекеттік қызмет көрсету арқылы рәсімделмек. Сонымен қатар әскерге шақырылушылардың телефон нөміріне SMS-хабарлама жолдау ресми хабарландырудың бір түрі ретінде бекітіледі.

Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.