Жаңалықтар

Үстел теннисі: Зәуреш Ақашева Болгария турнирінде қола медаль еншіледі

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Пангарюште (Болгария) өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Турнир барысында Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1 есебімен, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0 есебімен және Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ украиналық Анастасия Димитренкоға 1:3 есебімен есе жіберген. Нәтижесінде Зәуреш үшінші орынға табан тіреді.

Турнирге қатысқан қазақстандықтар арасынан ширек финалға дейін жеткендер:

  • Жанерке Көшкімбаева (жекелей сайыс),
  • Владислав Захаров/Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық сайыс),
  • Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Миркадирова (жұптық сайыс),
  • Жанерке Көшкімбаева/Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық сайыс),
  • Ескендір Харки/Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп).