Үкімет

Президент Жолдауын жүзеге асыру: дүкен сөрелерінің 50%-ын қазақстандық тауарлар құрайды, сапасыз өнім әкелудің жолы кесілді

Үкімет Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау шараларын күшейтуде. 2025 жылдың мамыр айында тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр, бұл компанияларға мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дүкен сөрелеріндегі отандық тауарлар үлесін арттыру мақсатында отандық өндірушілер өнімдері үшін кемінде 50% сөрелік кеңістікті көздейтін бағдарлама іске қосылды.

Сонымен қатар сапасыз әрі қауіпті өнімдердің нарыққа енуіне шектеу қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.