Қазақстанда сауда көлемі 8,6%-ға артты: Үкімет Жолдау тапсырмаларын орындауда
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде сауданы дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту бойынша жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Үкімет отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру және шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бизнесті жүргізудің ашық ережелері қалыптасып, ішкі сауда дамуда және отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы үшін инфрақұрылым жасалуда.
2025 жылғы қаңтар–шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.