Конституция күніне – 30 жыл: «Мемлекеттің берік тұғыры» атты жастармен кездесу өтті
Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай Тараз қаласында «Мемлекеттің берік тұғыры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Атаулы шара жастардың ел тарихына деген құрметін қалыптастыру, мемлекеттік құндылықтарды дәріптеу, патриоттық сезім мен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында өткізілді.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау секторының меңгерушісі Каленова Ұлжан Медербекқызы, «Асыл Арман» өнер ұжымы, №3 мектеп-лицейінің 7 “г” сынып оқушылары, тарих пәнінің мұғалімі Баймұханова Айгерім Маликовна, Ресурстық орталық пен «Жастар рухы» ұйымдарының волонтерлері қатысты.
Мерекелік кеш мемлекеттік рәміздер мен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әсерлі көріністермен ашылды. Шара барысында Конституция тарихына арналған кітап және тақырыптық көрмелер, құқықтық-танымдық байқаулар, викториналар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Қатысушылар назарына сахналық қойылымдар ұсынылып, ҚР Конституциясының негізгі баптары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы танымдық ақпарат берілді. Арнайы бейнероликтер арқылы Тәуелсіз Қазақстанның маңызды тарихи кезеңдері мен жетістіктері көрсетілді.
Сонымен қатар, мәдени-танымдық акциялар, суретшілер көрмесі, балаларға арналған ойын алаңдары мен фотозоналар ұйымдастырылып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйланды.