Министрлік жеңілдетілген автонесиелеу туралы жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернетте тарап жатқан «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы жөніндегі ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған хабарламада көрсетілген шарттар – автокөлік құнының 10–50%-ын субсидиялау, бастапқы жарнаның болмауы, жылдық мөлшерлеменің 2%-дан басталуы – ресми түрде жарияланбаған және министрлік тарапынан мұндай бағдарлама іске қосылғаны туралы мәлімдеме жасалмаған.
Министрлік бұл ақпараттың алаяқтық мақсатта таратылған болуы мүмкін екенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді беймәлім сайттарға енгізбеу және тек ресми дереккөздерге сену қажеттігі айтылды.