Жаңалықтар

Колумбияда жаңа туған қызға ChatGPT құрметіне есім берілді

Жаңа туған қызға Колумбияда ChatGPT есімі қойылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Колумбияның Кордова департаментіндегі Серете қаласында отбасы жаңа туған қызын ерекше Чат Йипити Бастидас Герра деп атады. Ата-анасының айтуынша, олар бұл арқылы жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне құрмет білдірген.

Жергілікті ЗАГС еш қарсылық танытпай, есімді ресми түрде тіркеді. Алайда бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, пікір екіге бөлінді. Бірі мұндай есім баланың болашағына қиындық әкелуі мүмкін десе, енді бірі оны креативті әрі заманауи шешім деп бағалады.

Колумбия заңында есім қоюға нақты шектеу жоқ. Дегенмен ұлттық реестр қызметкерлері егер таңдаулы есім баланы қорлап немесе оның беделіне зиян тигізеді деп санаса, тіркеуден бас тартуға құқылы.