Қордай ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшалары ашылды
Қордай ауданына қарасты Степное ауылдық округінде балаларға арналған қос бірдей жаңа ойын алаңшасы ашылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Ашылу салтанатына аудан әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов, Степное ауылдық округінің әкімі Мадияр Қарабаев, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, жергілікті тұрғындар мен ойын балалары қатысты.
Ата-аналар бұрынғыдай балаларын аулаға жіберуге алаңдамайтындықтарын айтып, барша атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді. Бұл да ауыл өмірінің жаңаруын білдіреді. "Қаратаев" жеке кәсіпкерлігі мердігерлік мекемесі, алаңшалардың құрылысын сапалы әрі уақытында орындап шықты.
Айта кетейік, балалар игілігіне ашылған нысанда әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, сияқты ойын жабдықтары мен спорттық құрылғылар орнатылған. Спорт құрылғылары әртүрлі жастағы балалар үшін өте қолайлы, заманауи стандарттарға сәйкес жасалған.