18 тамыз - Қазақстан Шекара әскерінің құрылған күні
18 тамыз – Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні, деп хабарлайды arainfo.kz
1992 жылдың дәл осы күні Елбасының Жарлығымен Шығыс шекара округінің негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды. Содан бері бұл күн еліміздің мемлекеттік шекарасын күзетіп, ел мүддесін қорғап жүрген ер азаматтардың кәсіби мерекесіне айналды.
Шекара қызметі –ерлік пен антқа адалдықтың, жауапкершілік пен табандылықтың айрықша нышаны. Қазақстандық шекарашылар өз міндетін жоғары деңгейде атқарып, Отанға деген адалдығы мен кәсібилігін үнемі дәлелдеп келеді.
Айта кетерлігі, 18 тамыз тек Қазақстанда ғана емес, Әзербайжан елінде де Шекарашылар күні ретінде тойланады. Бұл мереке Қазақстанда ресми түрде 2000 жылы Тұңғыш Президенттің Жарлығымен кәсіби мерекелер күнтізбесіне енгізілген.
Барша шекарашыларды мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір мен амандық тілейміз!