Жаңалықтар

Енді оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру еGov порталы арқылы қолжетімді

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ата-аналар мен заңды өкілдер балаларын бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады, деп хабарлайды arainfo.kz

Енді тұрғылықты жеріне қарамастан кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті онлайн түрде беру мүмкіндігі бар.

Бұл қызметті пайдалану үшін есептен шығару немесе бекіту талондары, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсырудың қажеті жоқ. Өтініш беруші оқу тілін өзі таңдап, қажет болған жағдайда өтінішін қайтарып ала алады.

Қызметті алу қадамдары:

eGov.kz порталында тіркелу;

«Білім» → «Орта білім» бөлімінен «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;

Өтінішті толтырып, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою;

Нәтижемен Жеке кабинетте танысу.