Мемлекет басшысы Үндістан халқын мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.