Жамбыл облысының жолдарында 7 айда 9500 ақау анықталды
Жамбыл облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды arainfo.kz
Жамбыл облысының Полиция департаментінің мәлімдеуінше, алты ай ішінде 2111 рет тексеру өткізіліп, жалпы 14 988 шақырым автожол қаптамасы қаралған.
Тексеру нәтижесінде жол таңбаларының бүлінуінен бастап, жол инфрақұрылымының техникалық талаптарға сай болмауына дейінгі түрлі ақаулар анықталды — барлығы 9494 жағдай тіркелді. Осы бұзушылықтарды жою мақсатында жол ұйымдарына 2111 нұсқама берілді.
Жамбыл облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің бастығы Азамат Бақытұлының айтуынша, жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі тұрақты бақылауды және қатаң шараларды талап етеді.
Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 1084 ақпараттық хат жіберілді. Сонымен қатар, жолдардың сапасын қамтамасыз етпеу бойынша 263 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Одан бөлек, нұсқамаларды орындамағаны үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл филиалына қатысты 31 әкімшілік хаттама толтырылды.
Жолдардың жағдайын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.