Қоғам

Рақымшылық: Тараздағы түзеу мекемесінен тағы бір адам босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Осыған сәйкес, еліміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өьеп жатқан азаматтарға еркін өмірге ертерек шығуға мүмкіндік алуда.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен 56 жастағы жергілікті тұрғын бостандыққа шықты. 
Рақымшылық туралы Заңның 3-бабы 6-тармағына сай жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған ер адамға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау жөнінде қатаң ескертілді.