Қоғам

Сыбайластық сыйластық емес

Сыбайластық сыйластық емес

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар жүзеге асырылды. Соның бірі ретінде ТМД елдерінің арасында алғаш рет Қазақстанда 1998 жылдың шілде айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылданды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары айқындалып, құқықбұзушылықтың түрлері, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайлары белгіленді. Оның үстіне елімізде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы мен «AMANAT» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Бұл маңызды құжаттардың қай-қайсысы болмасын қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесуге бағытталған. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29-желтоқсандағы Жарлығы қабылданды. Жалпы біздің инспекцияда ішкі тәртіпке сәйкес барлық қызметкерлер қызмет барысында қарапайымдылық пен Әдеп кодексінің қағидаларын сақтауға міндетті. 2015 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі күшіне енген болатын. Жаңа кодекске сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған лауазымды тұлғаның мемлекеттік қызметке, лауазымға орналасу құқығына өмір бойына тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білу деңгейін арттыру мақсатында тестілеу жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында ұжымда жиын өткізіліп, хаттама толтырылды. Жалпы мекемеде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға жете көңіл бөлінеді. Келіп түскен өтінішке уақытылы және сапалы жауап беру инспекция басшылығының үнемі назарында. Ауылшаруашылығы министрлігінің бұйрығы бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық анықталған сәттен бастап 24 сағаттың ішінде дереу ол туралы министрліктің жауапты хатшысына хабарлап отыру тапсырылған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзу фактілерінің есебін жүргізу үшін жауапты қызметкер бекітілген. Өткен жылы инспекцияда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың фактісі тіркелген жоқ. Бұл мемлекеттік тәртіпті нығайту,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтаудың жемісі.

Тоқтағұл АЙНАҚҰЛОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тараз қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы