Жастар

Ерліктің ерен мектебі

Әскер – ерлік пен еңбектің ұлы мектебі, қайсар мінез бен темірдей тәртіптің тоғысқан ортасы. Бұл - сабыр мен ұстамдылықтың, төзім мен табандылықтың темірқазықтай тірегі, нағыз азаматты шыңдайтын рухани шеберхана. Бір ғана жылдың ішінде адамның өмірлік ұстанымдары қайта қаланып, ішкі әлемі түбегейлі өзгереді. Бүгінде «Кейінгі жастардың көбі әскерге барудан жалтарады» деген әңгімелердің айтылып жүргені жасырын емес. Осы орайда біз аға буын өкілдерімен және жастармен жүздесіп, ой-пікірлерін тыңдадық.