Тараздық жастар тазалыққа атсалысты
Тараз қаласы әкімдігі мен жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан – Таза Тараз» атты экологиялық акция ұйымдастырды. Бұл іс-шара облыстық және қалалық балалар ауруханасы маңында өтті. Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және жастардың қоршаған ортаға жауапкершілігін қалыптастыру.
Аталған іс-шараға шамамен 60 белсенді жас қатысты. Олар бірігіп, балалар ауруханасының айналасын қоқыстан тазартты. Қала көшелерінде және каналдар маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Акция барысында тұрғындарға экологияның маңызы туралы түсіндірілді.
Жұмылып жасалған жұмыс барысында «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен еріктілердің белсенділігі байқалды. Олар бірлік пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Атқарылған іс жастардың бірлігі мен ынтымағының арқасында көрініс тапты. Бұл сөз жоқ қала тазалығына қосылған өлшеусіз үлес.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ