Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысының сапары жайлы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды",– делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, әуежайда екі ел Президенттері аз-кем әңгімелескендігі айтылады.
Айта кетейік, бүгін, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.