Тұтынушы құқығы қай салада жиі бұзылады?
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте департамент тарапынан 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер нақтыланды.
2025 жылдың 6 айында департаментке 742 өтініш келіп түскен. Бұл 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 214 өтінішке артық. Өтініштер санының өсуі 40,5 пайызды құрайды. Оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 580 өтініш келіп түссе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 135 өтінішке көп. Ал 2024 жылдың жартыжылдығында 445 өтініш түскен екен.
Осы жылдың 6 айында әлеуметтік желілерде, өңірлік БАҚ-та 1 224 материал мен 34 мақала, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында 12 материалы жарияланған.
Сонымен қатар облыстық радиода департамент қызметкерлерімен бірлескен түрлі бағдарламалар ұйымдастырылып, қызметкерлердің пікірі тыңдалған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында да бірнеше брифинг өткізілген. Одан бөлек 10 күн «Ашық есік» күні ұйымдастырылыпты.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ