Әлеумет

Діни алауыздықты қоздырушылар жазаланады

2025 жылдың басында Бірлесу-Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасының нұсқауы негізінде полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни алауыздықты насихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамнан құралған адамдар тобын құрықтады. Аталған тұлғалар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған.

Күдікке ілінген тұлғалардың үй-жайларын тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тыйым салынған материалдар тәркіленген.

Осы жылдың маусым айында Жамбыл аудандық сотымен жоғарыда көрсетілген тұлғалар Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (діни алауыздықты қоздыру), әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды.

Сот үкімдері заңды күшіне енді. Прокуратура органдары әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындағаны немесе таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Облыс прокуратурасы