Жаңалықтар

Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды

Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды

Тағы бір үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов құжат тапсырды. Оның кандидатурасын «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр. Тапсырылған құжаттар тізбесі: 1. «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; 2. Хайролла Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Фото: abai.kz