Өзекті мәселелер ескеріледі
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында алдымен қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дархан Шершатов Тараз қаласына қосылған елді мекендер бойынша Жол картасының орындалуы туралы баяндады.