Жаңалықтар

Таразда жазасын өтеушілер Нельсон Мандела күнінде спорттың бірнеше түрінен сынға түсті

Таразда өткен ғасырда адам құқықтары үшін күрескен Нельсон Манделаның туған күніне орай өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №67 мекемесінде шаруашылық жасағындағы жазасын өтеушілер арасында іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл күні мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері  сотты болған азаматтарға Н.Манделаның өмір жолы жайлы кең көлемде мағлұмат берді.

Сондай-ақ осы күні арнайы контингент өкілдері арасында бұқаралық спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылды.Атап айтқанда, сотты болғандар шахмат, дойбы, кермекке (турник) тартылу мен арқан тарту сынды спорт түрлерінен өзара кім мықтыны анықтады.

– Шара барысында біз, айналамыздағы адамдарды қоғамға пайдалы іс-әрекет жасауға шақыруды, әркім өзге азаматтарға көмек қолын соза алатын мүмкіндікке ие екенімізді түсіндік. Н.Мандела: «Қоғамның шынайы мінез-құлқы оның балаларына қалай қарауынан көрінеді», – деген сөзі арқылы жастардың, оның ішінде балалардың мінез-құлқына аса мән берудің маңызын атап өткен.  Өкінішке қарай, жаза басып, жаңылғанымыз, біздің бойымызда жастайымыздан жақсы мінез-құлықтың қалыптаспағанының салдары, – дейді жазасын өтеуші.