«Тараз» ӘКК» АҚ шағын индустриялық аймақтарға орналасу үшін өтінім қабылдауда
«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы – Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса отырып, инвестиция тарту, бизнесті қолдау және халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды тиімді жүзеге асыруда. Сондай-ақ, аталған мекеме мемлекеттік органдармен, инвесторлармен және кәсіпкерлермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Аймақтың дамуы үшін сенімді серіктес және тиімді құрал болуға ұмтылған «Тараз» ӘКК» АҚ кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындарды индустриалдық болашағына қосылуға шақырады.
«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) шағын индустриялық аймақтарға (ШИА) орналасу үшін ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ.
«Жібек Жолы» АЭА – 10 000 ш.м
«Тараз» индустриялық аймағы – 30 000 ш.м
Пайдалануға беру мерзімі — 2025 жылдың III тоқсаны (бір жоба іске қосылды)
Өтінімге қажетті құжаттар:
Жоба туралы мәліметтер мен инфрақұрылым қажеттіліктері көрсетілген өтінім;
Тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
Мемлекеттік кірістер органдарынан қарыздың жоқтығы туралы анықтама;
Бизнес-жоспар.
Байланыс:
info@spk-taraz.kz | +7 (7262) 55-50-75
Тараз қ., Қолбасшы Қойгелді к-сі, 173
«Тараз» ӘКК-мен бірге өңірдің өнеркәсіптік дамуына үлес қосыңыз!